Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті жазадан құтылып кетуі мүмкін бе: Ішкі істер министрлігі жауап берді

Нұрай Серікбай ісінде күдікті жазадан құтылып кетуі мүмкін беФото: GoНұрай Серікбай ісінде күдікті жазадан құтылып кетуі мүмкін беФото: instagram.com/ayankhan_omarov_advocate

Ішкі істер министрлігі Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің жауапкершіліктен құтылып кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күні кеше екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланған еді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов күдіктінің жазадан жалтаруына ешқандай негіз жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, емдеу және сараптама шаралары аяқталған соң күдікті қайта жеткізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданады. Осыдан кейін ол заң аясында жауапқа тартылады.



Еске салайық, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті жас жігіт асқан қатігездікпен пышақтап өлтірген еді. Нұрай Серікбай оқиға орнында тіл тартпай кетті. Күдікті көзі тірісінде қыздың қыр соңынан қалмай, тіпті алып қашқаны да анықталған. Полиция адам өлтіру мен сталкинг баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Алайда араға үш ай салып 28 жастағы жігіттің уақытша ұстау изоляторынан Талғардағы психикалық орталыққа ауыстырылғанын марқұмның туыстары түсінбей отыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 11:46