Бақытты Айсұлтан: Нұрәлі Әлиев інісімен бірге түскен фотосуреттерді жариялады

Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәлі Әлиев Facebook-тегі парақшасында Айсұлтан Назарбаевтың қатысуымен отбасылық мұрағаттан түсірілген кадрлардан жинақталған бейнероликке сілтеме жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қымбатты бауырым, қазіргі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Саған айтқым келген көп нәрсе айтылмады. Сен менің есімде мәңгі қаласың, мен сені әрдайым жақсы көремін", - делінген видеодағы жазбада.

Видеода әйгілі The Weeknd тобының "Final Lullaby" (Соңғы бесік жыры) әні шырқалады.

Видеода ағайындылардың балалық шағынан алынған кадрлар, сондай-ақ Айсұлтанның анасы Дариға Назарбаевамен, әжесі Сара Назарбаевамен, қарындасы Венерамен, әйелі Алимамен және жаңа туған баласымен бірге түскен отбасылық суреттері көрсетілген. Толық бейнені мына жерден көре аласыз.

Бұған дейін Ұлыбритания астанасында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі көз жұмғаны хабарланған. Алдын ала мәліметтер бойынша оның жүрегі тоқтап қалған.

Нұрәлі мен Айсұлтанның анасы Дариға Назарбаева осы ауыр сағатта қоғам отбасының орны толмас қайғысына түсіністікпен және құрметпен қарайды деген үмітін білдірді.

 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр