Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрәлі Әлиев енді "Транстелеком" акционері емес

Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Аstana.gov.kz

Нұрәлі Әлиев “Транстелеком” компаниясының сатылуына байланысты акционерлер қатарынан шығып, директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

Транстелеком – телекоммуникация және IT қызметтерімен айналысатын ірі қазақстандық байланыс операторларының бірі. Forbes мәліметінше, Unit Telecom арқылы компанияның 75% акциясын Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупатев иеленді. Қалған 25%-ы "Қазақстан темір жолы" компаниясына тиесілі. Алайда компания бұрын мемлекет меншігінде болған. 2015 жылы "Транстелеком" 9 млрд теңгеге жекешелендірілді деген ақпарат тарады.



2022 жылдың сәуірінде үкімет Транстелекомды сату мәмілесі нәтижесінде мемлекетке келтірілген ықтимал шығын мәселесін зерттеуді ұсынды.

Нұрәлі Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы.

Талқылау