Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік басылым Әлия Назарбаеваны қазақтың ержүрек қызы Әлия Молдағұловамен бір қатарға қойған

El.kz мемлекеттік басылымы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваны қазақтың көрнекті әйелдерімен бір қатарға қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назарбаева коллаж

Жұма күні жарияланған “Қазақтың әлиялары” тақырыбымен шыққан мақалада “біреулер қыздарын батыл әрі ержүрек болсын деп Әлия Молдағұлованың құрметіне атаса, енді біреулер қыздарын "ұлы", "биік", "атақты" деген мағыналарға сүйеніп осылай атайды” делінген.

Материалда Әлия Молдағұловамен бір қатарға ғалым Әлия Бейсенова, әдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежанова, көркем гимнаст Әлия Жүсіпова, сондай-ақ өнер қайраткерлері Әлия Телебарысова мен Әлия Әбікен және экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева қойылған.


Назар аударарлық бір жәйт, мақалада Назарбаеваның басқарушылық тұстарып атап өтілгенімен оның атына айтылған көптеген сындар, оның ішіндегі рейдерлік айыптаулар мүлдем қозғалмаған.

Кейін көп ұзамай басылым бұл жазбаны өшіріп тастағанға ұқсайды.

Еске салайық, бұған дейін Әлия Назарбаева 170 млн доллар тұратын бизнесті рейдерлік жолмен басып алды деп айыпталған.

Талқылау