Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Лас-Вегаста көзге түсті

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі, олигарх Нұрәлі Әлиев АҚШ-тағы концертте бой көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Instagram желісінен

Әлиев әлеуметтік желілерде U2 рок-тобының концертіндегі кадрларды бөлісті. Іс-шара Лас-Вегаста, "Сфера" павильонында өткен. Назарбаевтың немересі өзінің Instagram желісінде концерттен бірден 3 видео жариялады.

Нұрәлі Әлиев жыл сайын Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингіне енеді. Өткен жылы іскерлік журнал оның байлығын 249 000 000 долларға бағалады. Ол – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғышы.



Осы жылдың қаңтар айында Алматыда жер сілкінді. Осы кезде тұрғындарға апаттық жағдайды ескертпеген компания Нұрәлі Әлиевке тиесілі екені белгілі болды. TNS-INTEC компаниясы өз кезегінде Darmen Holding компаниясына тиесілі, холдингтің соңғы иесі –  Нұрәлі Әлиев.

2022 жылы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін орнату үшін TNS-INTEC-пен келісімшартқа қол қойып, оған 1,1 млрд теңге жұмсағаны белгілі болды.

Талқылау