Ең қымбат қалалар тізімі: Нұр-Сұлтан мен Алматы нешінші орында
Цюрих, Базель және Лозанна қалалары әлемнің ең қымбат қалалары атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы деректер базасы Numbeo бөлісті. Сарапшылар 2020 жылдың қаңтар айындағы өмір сүру бағасының индексін есептепті.
Швейцарияның Женева мен Берн қалалары төртінші және бесінші орындарына жайғасыпты. Ең үздік ондықты Ставангер, Осло, Тронхейм, Рейкьявик және Берген қалалары аяқтапты.
Мамандар рейтингке 440 қаланы кіргізген. Бұл тізімді жасаған кезде олар дүкендер мен мейрамханалардағы бағаларды, жол ақысын, коммуналдық төлем және тұрғындардың тауар сатып алу қабілеттігін ескерген. Ал үйді жалдауға және сатып алуға кететін шығындар бөлек есептелген.
Қазақстанның Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары да тізімге кіріпті. Қазақстанның елордасы 386 орынға, ал оңтүстік астанамыз одан үш орынға қалып, 389-ге барып табан тірепті.
Қымбаттылығы жөнінен қазақстандық шаһарлар Әзірбайжанның Бакуын, Өзбекстанның Ташкентін, Мысырдың астанасы Каир және Қырғызстанның Бішкегін басып озған.

Азық-түлік, газ, темекі қымбаттайды, әскерилер үйді жекешелендіріп ала алады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
