Нутрициолог жаңа жылдық мәзірдегі қажетсіз өнімдерді атады
Нутрицолог Екатерина Муравская жаңа жылдық тағамдардың қайсысы зиян және оларды қандай пайдалы өнімдермен ауыстыруға болатынын, кескін-келбетті сақтау үшін нелерден бас тарту керек екендігі туралы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айтуынша әдемі кескін келбетті сақтау үшін мәзіріңізден ет, балық, көкөніс консервілерін, краб таяқшаларын, майонез, шұжық, дайын тартылған ет пен басқа да жартылай фабрикатталған өнімдерді алып тастау керек.
Дүкен майонезі өте майлы әрі калориясы жоғары болғандқтан оны жеңіл иогурт, қаймақпен ауыстырған жөн. Ірімшіктің де тофу, брынза түрлерін пайдаланған дұрыс. Бірақ аз мөлшерде.
Тұздықтарға келетін болсақ, олардың құрамында ащы дәмдеуіштер болғандықтан ағзаны шөлдетеді. Ал мөлшерден жоғары сұйықтықты сіңдіру организмге оңайлыққа соқпайтынын ұмытпау керек.
Майлы кремдері бар торттардың калориясы өте жоғары. Суфле, желе, мармеладтар – жеңіл мерекелік десерттер. Картоптан майлы еттен, чипсі мен крекер қосылған салаттардан, ақ наннан, бидайдан жасалған басқа да өнімдерден бас тартқан жөн.
Мамандар сонымен қатар жаңа жылдығ алдында қалай тез салмақ тастау керек екенін де айтып өтті. Бірнеше килограмм жоғалту үшін тәтті мен тұзды тағамдардан бас тарту керек. Мәзірге көбірек көкөніс қосқан жөн. Олар артық майдың сіңуіне жол бермей, ішек микрофлорасын жақсартады.
Жаңа жыл алдында адамдар көп мөлшерде салаттар жасауға дағдыланған. Алайда олардың ағзаға сіңуіне ұзақ уақыт кететінін көпшілік ойлай бермейді.
Сарапшылар тіпті ыдыс-аяқты да үстелде сақтықпен қолданған жөн екенін айтады. Себебі бактериялар көп жиналуы мүмкін.
Тоңазытқышта сақталу керек салаттардың мерзімі 12 сағат. Дәмін сақтап, бұзылмауы үшін оларды бір түнге тоңазытқышқа салса, таңертеңге дейін құрамы бүлінбейді.