Нұржанды “Капкарашка” есімінен бас тартуға мәжбүрлеген кім?
Қапкараша деген атты естіген жұрттың жадына бұйра шашты, ауылдың томпиған қара домалақ баласы оралады. Иә, бұл 2006-шы жылы «Super Star Kz» жобасы арқылы бағы жанған Керменбаевтың ел арасындағы екінші есімі. Ал, Stan.kz тілшісіне экслюзивті сұхбат берген Нұржан Керменбаев лақап атынан бас тартқанын мәлімдеді.
«Мен елдің есінде Нұржан Керменбаев болып қалғым келеді!» Иә, қара бала әңгіменің әлқисасын дәл осылай бастады! Бұл оқиға осыдан бірнеше жыл бұрын «Арнау» тобындағы Салтанаттың алғаш рет декреттік демалысқа кеткен кезінде орын алған екен. Бақаева бала күтімімен үйде отырған сәтте, халық танитын Қапкарашка жеке әншілікті қолға алуды бастайды.
«Продюсерім сұрақ қойды. Сен Қапкарашка боласың ба, Нұржан Керменбаев болып сахнаға шығасың ба деді. Менің қалауым алғашқыда Қапкарашка еді. Расында да менің есімімнің Нұржан екенін әлі күнге дейін кейбірі білмейді. Нұржандар көп қой. Ал, Қапкарашка десе бірден таниды. Тіпті, Нағима Есқалиеваға хабарласып едік Қапкарашка болып шыға бер деді», – дейді Нұржан Керменбаев.
Қапкарашка әлде Нұржан Керменбаев? Иә, алғашқыда дара жолын қалыптастыруды көздеген әншінің алдында дәл осындай екі таңдау тұрды. Алайда, ата-анасының азан шақырып қойған аты ұмытылып, Қапкарашка дейтіндер қарасы көбейген тұста бір шешімге келгенін айтады.
«Сәл уақыттан кейін продюсерім былай деді: «SuperStar Kz» кезінде сен 16 жаста Қапкарашка болдың. Қарапайым ауылдың қара баласы деген сияқты. Сол кезде Қапкарашка образы саған жарасымды болды. Ертең жасың 40-50-ге келгенде саған біреу Қаркарашка деп тұрса өзіңе ыңғайсыз емес пе деген сұрақтар қойды. Сол кезде ғана ойланып, азан шақырып қойған есімімнен неге бас тартамын, неге лақап атпен қалуым керек деп Нұржан Керменбаевқа тоқталдық», – дейді әнші.
Бүгінде отандық шоу-бизнесте Нұржан өзіндік орнын тауып, есімі елге танымал болғанымен, анда-санда Қапкарашка деп қытығына тиетіндер бар көрінеді.
«Мен Нұржан Керменбаев болып қалғаныма да қуанамын. Біреулерге Нұржан атты есімім бар екенін таныттым, білдірдім. Қазір көшеде халық Нұржан деп танып бастады. Кейде танымай Қапкараша дейтіндер де бар. Расында өзімді 40-50 жаста Қапкарашка деп елесете алмаймын, көргім келмейді. Негізі сол адам. Айырмашылығы Қапкарашка сол 16-17 жастағы қара бала, Нұржан қазіргі кезім және болашағым», – дейді Керменбаев.
Естеріңізге сала кетсек, Нұржан қараша айының басында 10 жылдық есеп беру кешін өткізуді жоспарлап отыр. Жанды дауыста өтетін концертте Керменбаев, Қапкарашканың кейпіне еніп, тыңдармандарын настальгияға бөлеуге ниетті.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Өнердегі әріптестері Төреғалидың концертін сынап тастады
Фонограммасыз концерт берген Төреғалидың дауысы шықпай қалды (фото, видео)
Айқын Төлепберген алғаш рет балалары жайлы бар шындықты айтты