Нұржан Керменбаев ұлды болды
Әнші отбасындағы қуанышымен өзінің желідегі парақшасы арқылы бөліскен. Тұңғышына Мүсілім деген есім беріпті.
Жас әке қуанышы қойнына сыймай кетсе керек сүйіншіні халықтан бірінші болып өзі сұрады. Осыдан кейін әртістердің барлығы хабарлай бастады. Ол өз сөзінде “Алла ұлық! Сүйінші Қазақ елі! Алла ұл сыйлады. Өзім әке,анам әже атанды”,-деп жазады.
Осы жазбаның астына жұрт арасында “Қапкарашка” атанып кеткен әншінің отбасына деген ізгі ниеттер мен тілектер айтыла бастады.
Әнші Қарақат Әбілдина да әріптесін бірінші болып құттықтағандардың бірі. Ол “Ағайын сүйінші! Нұржан әке атанды! Дүниеге шекесі торсықтай ұл келді!”,-деп жазған.
Еске сала кетсек ағымдағы жылдың басында Нұржан Керменбаев Назерке атты аруға үйленген еді. Аз уақыттан кейін бар досын шақырып дүркіретіп той берген еді.
Талқылау