Нұржан Керменбаев ұлының тұсауын кесіп дүркіретіп той жасады (фото, видео)
Ел арасында «Кап-карашка» аталып кеткен Нұржан Керменбаевтың тұңғышы Мүслім бір жасқа толды. Осыған орай Керменбаев ұлының тұсауын кестіріп, дүркіретіп той жасады. Думанды кешке эстрада жұлдыздары түгел жиналды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазақтың қара баласы қуанышты жаңалығымен алғашқы болып өзі бөлісті.
«Аллаға сансыз шүкір, сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! Сүйінші Қазақ елі! Біздің үйде той! Мүслім ұлымыз 1 жасқа толды! Әрбір шаңырақта бала үні көбейе берсін! Тойдан ғана шаршайық!» – деді ол.
Кішкентай Мүслімнің тұсауын әнші Сәкен Майғазиев кесті.
Ал тойға жиналған эстрада жұлдыздары сәт сайын той көріністерін жариялап, кештен тікелей репортаж жүргізіп отырды.
Жуырда ғана шаңырақ көтерген әнші Серік Ибрагимов тойға жұбайы Айнамкөзбен бірге келді.
Той барысында Нұржан Керменбаевтың өзі ән орындады.
Естеріңізге сала кетейік, Нұржан 2015 жылдың басында Назерке есімді арумен шаңырақ көтерген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)
Мейрамбек Беспаевтың өз туған күнінде билеген биі ғаламторды шулатты (видео)
Желіде Қайрат Нұртастың отбасының суреттері пайда болды (фото, видео)
Мейрамбек Беспаев 40 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)