Керменбаев: Келіншегім сыйлаған Құраннан кейін дүниеге деген көзқарасым өзгерді
Әнші сүйіктісі сыйлаған Құран кітаптан кейін дүниеге деген көзқарасының өзгергенін айтты.
Фото: instagram.com/nurzhan_kermenbayev/?hl=ru
Бұл туралы Хабар арнасының “Компромат” бағдарламасында айтылды.
Нұржан Керменбаев Тараз қаласының маңындағы Қаратау атты кішігірім қалада туып-өскен бойжеткенмен отбасын құрды. Бүгінде жұбайлардың бір ұлы бар. Жуырда ұлдарының тұсаукесер тойын жасаған болатын. Ал тұсаукесу мәртебесі Сәкен Майғазивке бұйырды.
Отандық бағдарламалардың бірінде Нұржан Керменбаевқа “Бірнеше түсірілім кезінде сіздің сабырлы бола бастағаныңызды байқадым. Осының барлығы әйеліңіздің арқасы дейді. Сол қаншалықты рас?” деген сұрақ қойды. Әнші өз кезегінде сүйіктісінің белгілі бір деңгейде имандылыққа бет бұруына себепші болғанын айтты.
“Барлығына тек келіншегім себеп болды деп айта алмаймын. Әрине, оның да септігі бар. Тіпті, маған туған күнімде қасиетті Құран кітапты сыйлаған болатын. Шынымды айтсам, бұл сыйлықты күткен жоқпын. Құран кітаптың аудармасын әлі күнге дейін оқимын. Қасиетті кітапты оқыған соң өмірге деген көзқарасың өзгереді екен”, – дейді Нұржан Керменбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)
Дастан Оразбеков іштегі жанайқайынан қалай арылатынын айтты (фото)
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)