Нұржан Керменбаев: Күніне 200 теңгеге жанды дауыста ән салатынмын
Қазір табыстарын тойдан тауып жүрген әншілер кезінде де халық асырағанын жасырмайды. Себебі, сахнаға шықпас бұрын көп әнші мейрамханаларда ән салып, тәжірибе жинаған. Бүгінде «отбасылық бюджетті” сылтаурап, бір айлық табысын жасыратын жұлдыздар алғашқы жалақылары жайлы Stan.kz тілшісімен бөлісті.
Әлішер Кәрімов. Алматыға 2003 жылы келгенде әншілік қызметін мейрамханадан бастаған. Күнделікті 300 теңге үшін ән орындауға дайын болыпты.
«Кеш бойы ән айтатынбыз. Оптовкада жаздық кафе болған сол жерде 300 теңгеге ән орындадым. Сондай күндер болған тәуба»,-дейді Әлішер.
Ал, эстраданың жарасымды жұбы Ғани мен Бота бір айда бес мың теңге үшін мейрамханада ән айтқанын жасырмады. Бірақ, көңілді кешке келген қонақтардың арқасында құр алақан қайтпайтынбыз дейді.
«100 доллар алты мың теңге болса біздің айлығымыз бес мың теңге болды. Сонда, 100 долларға жуық айлық. Сосын күнделікті өзінің беретін ақшасы бар. Сонымен қатар, қонақтардың беретін ақшасы бар. Кәдімгідей қомақты ақша алатынбыз»,-дейді Бота.
Бес жыл оқып, бес жыл мейрамхананың жұлдызы болған Медеу
Арынбаев мұғалімдерімнен көп табатын «бай» студент болыпты. Тіпті, бүкіл топтастарына күнделікті түскі ас әперіп, жомарттық танытып отырған. Тапсырыспен ән айтатын әнші, қалтасындағы қомақты қаржыны қайда жұмсарын білмей дал болатын кездерді есіне түсірді.
«Қалтамда ақша тұрса, оны қайда құртатыныңды білмейсің. Өйткені, алатын ешнәрсе жоқ. Абая правдада барахолка бар киім аласың. Оны ала бергенде қайда киесің? Қазіргімен есептемеңіз. 90 жылдарды. Қазір болса ғой сол ақша білесің ғой не алып қайда қоятыныңды»,-дейді Арынбаев.
Үлкен сахнаға шықпас бұрын Нұржан Керменбаев та мейрамханада біраз тер төккен. «Арнау» тобының жігіті кеше де, бүгін де, болашақта да халықтың өзін асырайтынына сенеді. Себебі, «қазақтың тойы қазына» дейді әнші. Күніне 200 теңге үшін жанды дауыста ән шырқаған Нұржанның айлыққа күні қарамапты.
«Өте күлкілі болды. Ол 2004 жыл. Мен күніне 200 теңге алам яғни айына 6000 теңге. Бірақ 6000 теңгені сол жақта тамақ ішіп тауысып тастайтынмын. Одан екі есе шығып тұрады 15-20 мың. Мен сол қарызды жауып үлгерем. Мен айлыққа қараған жоқпын. Келген қонақтар әнге тапсырыс береді. Сонымен әйтеуір тамағымыз тоқ, киіміміз көк болып жүрдік»,-деп ағынан жарылды Керменбаев.
Біздің қолға түскен әншілер қатары әзірге осылар. Ал, шындап келгенде әр әнші сахнаға шықпас бұрын, жанды дауыста жылында 365 күн, халықтың тапсырысымен ән айтып, табыс тапқан. Олда үлкен мектеп, үлкен тәжірибе дейді көпшілігі.