Нұржан Керменбаев: Әйеліме деген сезімім балалы болғаннан кейін оянды
Нұржан Керменбаев жұбайы Назеркемен ән кештерінің бірінде танысқан. Капкарашканың өнеріне тәнті болған тараздық ару сыйлығын қолтықтап, концертте Нұржанның назарын аударған. Алғашқыда болашақ жарына аса мән бермеген Нұржан араға бірнеше ай салып, оны ғаламтор желісі арқылы тапқанын айтады.
Бұл туралы “Гәкку” арнасының “Love story” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Назерке ең алғаш сыйлықпен концертіме келген болатын. Сол кезде таныстық. Жанымнан шықпай қойды. Араға бірнеше ай салып, маған инстаграмға “баққыты болыңыз” деп пікір қалдырып кеткен екен. Кешегі Тараздағы қыз ғой деп таныдым. Дайрект арқылы хат жазып, өзім хабарласып, тауып алдым”, – дейді Керменбаев.
Сол шақта болашақ жарын іздеп жүрген Нұржан Назеркеге ашығын айтқан. Тіпті, Алматыға келуін өтінген. Ал әншіге жылы қабақ танытқан Назерке тағы екі ай өткен соң ару қала Алматыға анасымен бірге келген.
“Нұржан екеуміз кездестік. Кішігірім сұхбат болды. Сол күннің ертесіне Нұржан үйіне алып барып, өзінің отбасымен, анасымен таныстырды”, – дейді Назерке.
“Мен жанкүйерім ретінде таныдым. Сезімнің бәрі үйленгеннен, тіпті бала туып бергеннен кейін оянды деп айтсам да болады. Өйткені басында қатты бір сезімге берілдім деп айта алмаймын. Бірақ Аллаға шүкір, дәл осылай үйленген достарымды көрдім. Біраз адамға қызық бұл дүние. Қалай жақсы көрмей, жүрмей үйленуге болады дейді. Біз жүрген де жоқпыз, бар-жоғы үш-ақ рет кездестік. Содан кейін бірден үйдегілер ұзата ма әлде алып кетейін бе деп сұрадым. Бір үйдің жалғыз қызы екенін, ұзатылатынын айтты. Кейін Тараздан ұзатып алып келдік. Содан кейін басталды ғой сезімнің бәрі”, – деп ағынан жарылды Нұржан.
Оқи отырыңыз:
7 жасар ұлын имандылыққа баулыған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)
Жақындары Гүлзира Айдарбекованың туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)
Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты
Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады (видео)