Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады

Танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлт қайраткерлеріне қатысты мәлімдемесі көптің төбе шашын тік тұрғызды. Халық жазушысы Мұқағали Мақатаевты Бұқағали Жұқатаев деп, Мағжан Жұмабаевтың өліміне Мұхтар Әуезовтің де кінәсі бар деген жырларын жариялаған еді. Бұдан кейін көпшілік Шахановты сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады

Тіпті, отандық телеарнаның директоры әруақтардан Шаханов үшін кешірім сұрады. Бұл мәселеден Халық артисі Мақпал Жүнісова да айналып өте алмады. Ол халық үлгі тұтатын асылдарды балағаттаған Шахановты айыптап, ол үшін әруақтардан кешірім сұрады.

“Бұл мәлімдемені бүгін маған салған екен, xалықтың пір тұтатын асылдарын балағаттау ұлылыққа жатпайды, енді басқа айтары қалмағаны ма? Өшпес мұра қалдырған ата-бабаларымыздан кешірім сұраймын”, – деп бөлісті ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.

 

Талқылау