Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Айдарбеков “Соқыр махаббат” фильміне түскені үшін қанша алғанын айтты

Сиви Махмұдидің жаңа картинасына Нұртас Айдарбеков те түскен екен. Ол жаттықтырушының рөлін сомдайды. Десе де, Нұртас мырза аталған рөлі үшін ешқандай ақша алмаған.

16230712_1773667202958883_7501999163807105024_n

Бұл туралы «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

«Жаттығу залында менен жасы үлкен ағамыз болды. Ол кісі шынайы өмірде бапкер. Қимыл-қозғалыстарды қалай жасау керектігін сол кісі көрсетті. Біраз дайындалып, тер шығарған жайымыз бар», – дейді Нұртас мырза.

Нұртас мырзаның бұл жұмысына ешқандай төлемақы берілмеген екен. «Шынымды айтайын, кино саласына ақша үшін келгенім жоқ. Біріншіден, Сиви қарындасымның әкесін өзімнің туған ағамдай көремін. Ұзақ жылдан бері арамызда ерекше сыйластық бар», – дейді ол.

Аталған фильмнің актерлік құрамы өнер жұлдыздарынан құралған. Десе де, туындының бағасын тек көрермен беретіні анық.


Жіберіп алмаңыз:

Рысбек Аташ: Топтың тарауына көре алмаушылық әсер етеді

Қайрат Түнтековтің өз тағдыры жайлы клипі тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)

Гүлзира Айдарбекова күйеуінің тойдан 1 000 доллардан кем алмайтынын айтты

“All Давай” тобының әншісі ел алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Талқылау