Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Францияда қазақ тілін дамыту үшін не істегенін айтты

Соңғы кездері кинорежиссер әрі актер Нұртас Адамбай тіл мәселесіне қатысты жиі пікір білдіріп жүр. Алғашқыда ол мемлекеттік тілде сөйлей алмайтындарды қатаң сөкпеуге шақырды, одан бөлек «құдіретті» орыс тіліне алғыс айтты.

адамбай француз

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Одан кейін оқырмандардан сөз естіді. Артынша жазбасын қазақша түсіндірді. Бұл жолы ол қазақ тілін дамыту үшін Франция елінде не істегенін айтып берді.

«Жырақта жүргенде сен ана тілін білудің қаншалықты маңызды екенін жақсырақ түсінесің. 2012 жылы Парижде түсірілім кезінде біз қазақ тілін үйренуге талпындыратын ойын ойлап таптық. Ережесі оп-оңай.

Түсірілім алаңында ана тілінде айтылмаған әр сөз үшін қатысушы 1 евродан төлеуге міндеттелді. Барлығы бірауыздан келісті. Біреулер жеңіліп қалмас үшін көп сөйлемеуді ұйғарды, ендігілер көп сөз үйренді. Бір күнде 3 евро ұтылған күнім болды. Арамызда 8 евро төлегендер де болды.

Бұл күндері Париж тұрғындары мен қонақтары қала көшелерінен “Дайындаламыз! Мотор! Камера! Бастайык!” сөздерін естіді. Ең бастысы, ешкім ешкімді мәжбүрлеген жоқ. Әркім евродан айырылып қалмас үшін қызығып ойнады. Жазып отырған уақытта айыппұл евроны жинай алмағанымыз еске түсті, есесіне біз Францияда қазақ тілінің апталығын өткіздік», – дейді Нұртас Адамбай.

Жіберіп алмаңыз:

Әбдіжаппар Әлқожа далада қалғалы тұрған 8 балалы отбасына көмек көрсетті (видео)

Сәнгер Исмаилов Абай Бегейден 400 мың теңгесін әрең алғанын айтып масқаралады

Бүркіт әкесінің 80 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Димаш әйгілі шетелдік фильмнің саундтрегін орындады (видео)

 

Талқылау