Нұрлан Қоянбаев қазақ тілі туралы сәтсіз әзіл айтқан Мұсағалиевті қорғады
Нұрлан Қоянбаев әріптесі Азамат Мұсағалиевті қорғап, қазақстандықтардан оған түсіністікпен қарауды өтінді.
Сурет: Жеке парақшаларынан алынды
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше “Камызяк елі құрамасының” капитаны Азамат Мұсағалиев қазақ тілі туралы сәтсіз әзіл айтып, жұрттан ұрыс естіген-ді. Осыдан кейін желі қолданушылары оны жек көріп кеткендерін ашып айтты. Десе де, Нұрлан Қоянбаев қазақстандықтардың алдында Азамат Мұсағалиевті қорғап сөйледі.
“Бірнеше күннен бері ТНТ арнасының арнайы бейнорлигінде айтқан әзілі үшін Азамат Мусағалиевке ауыр сөздер айтылып, жазылып жатыр. Мойындау керек, әзіл сәтсіз әрі орынсыз. Бірақ, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды деген сөз бар емес пе?! Кеше ғана бәріміз мақтан тұтып, қошемет көрсетіп жүрген бауырымызды бір қателігі үшін жерге ұрғанымыз жақсылықтың нышаны емес. Жығылғанға жұдырық емес, демеу болу азаматқа лайық іс. Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік. “Әр қазақ менің жалғызым” деген неткен әдемі сөз. Осы сөзді бір-бірімізге іс жүзінде көрсетіп жүрейікші”, – дейді Нұрлан Қоянбаев.
Желі қолданушылары да Нұрлан мырзаның сөзін қоштай түсті. Арасында “Азамат Мұсағалиевтің өзі неге кешірім сұрамайды?” деп наразылық білдіргендер болды.
Жіберіп алмаңыз:
Мөлдір Әуелбекова: Ұлымды 2 жасына дейін омырау сүтімен өсіремін
Ерке Есмахан: Ұлымның камерадан қорықпайтынын көріп қатты таңқалдым
Жорабаева: Ажырасқалы ыңғайсызданып, өзімді төмен сезінемін
Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген