Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Үздік университеттер рейтингі: NU Азиядағы көшбасшылығын сақтап қалды

Times Higher Education 2025 беделді рейтингіне сай NU Азияның ең үздік университеттері қатарындағы орнын және Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап қалды. 2025 жылғы 23 сәуірде Макаода өткен Times Higher Education Asia University Rankings салтанатты марапаттау шарасында рейтингтің халықаралық байланыс жөніндегі жетекшісі Фил Бейти университет президенті Вакар Ахмадқа ресми сертификат табыстады. Биыл рейтингке барлығы 1213 оқу орны қатысты, өткен жылы 1127 университет қатысқан.

“Times Higher Education ұйымының NU-ды Орталық Азиядағы ең үздік университет ретінде мойындауы – біздің ғалымдар, студенттер, қызметкерлер, қамқоршылық кеңес және басқа да мүдделі тараптардың ортақ еңбегі. Алдағы жылдары біз осы беделді рейтингтерде одан да жоғары көтерілуді жоспарлап отырмыз”, — деді NU президенті Вакар Ахмад. 

Азия елдері университеттерін бағалайтын жыл сайынғы рейтинг білім ордаларын 18 критерий бойынша қарастырады. Бұл көрсеткіштер бес негізгі саланы қамтиды: оқыту, ғылыми орта, ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасы, интернационализациялау және индустриямен байланыс.

Times Higher Education Asia саммитінде NU президенті Вакар Ахмад пен профессор Атакан Варол университет қабырғасында жасанды интеллект бойынша жасалған жұмыстарды осы саладағы азиялық сарапшыларға таныстырды. KazLLM  және соған байланысты жасанды интеллект өнімдері қазіргі кезде белсенді түрде қолданылуда, оларды әзірлеу жұмыстарын NU&NIS эндаумент қоры қаржыландырған. Бұл жобалар Қазақстан Үкіметінің цифрлық егемендікке ұмтылуына бірден-бір септігін тигізеді.

NU-дың көшбасшы екенінің тағы бір дәлелі – Азия елдері университеттері альянсына (AUA) мүшелік етуі. Ол – өңірдегі Tsinghua University, Peking University, United Arab Emirates University, National University of Singapore, Seoul National University, The University of Tokyo және тағы басқалары сияқты ең мықты 15 оқу орнының ортақ қауымдастығы. Nazarbayev University AUA-ға мүше бірнеше оқу орнымен ғылыми зерттеу жұмыстары, студенттермен алмасу және қос дипломды бағдарламалар аясында байланысын нығайтуда. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 18:00
Талқылау