Норвегияда бұғы өзін құтқарып қалған отбасыға күн сайын келіп тұрады (фото)
Норвегия тұрғыны Метте Квам үш жыл бұрын аңшы оғынан жараланған бұғыны құтқарып қалған. Ал сол жануар алғыс ретінде Меттенің үйіне күн сайын келіп кетеді екен.
Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Метте мен оның отбасы бұғыны аңшының қолына бермей, оны өздерімен бірге үйге алып кеткен. Осыдан соң отбасы жануарды қайтадан орманға қоя береді. Сол уақыттан бері бұғы өзін құтқарған үйге күн сайын келіп тұруды дағдыға айналдырыпты.
“Ол терезенің тұсына келеді де мені күтіп тұрады. Біздің оянып, оған нан бергенімізді күтеді. Ол өте өте әдемі, мүйіздері де тартымды. Бұл бұғы біздің досымыз болғандықтан, аңшылар қазір оны өлтіруге тырыспайды. Қыс айларында жиі келеді, ал жазда тау жаққа қарай кетіп қалады. Бірақ біз оны көретінімізге қуаныштымыз”, – дейді Квам.
Бұғы бұл маңда танымал жануарға айналып үлгерген. Ол үшін тіпті дүкендер де арнайы тегін нан таратылады.
Оқи отырыңыз:
Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)
Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған
Ғарышта сулы шүберекті сыққанда қандай өзгеріс болатынын көріңіз (видео)
Белорусcиялық жігіт кілеммен күресіп интернетте хитке айналды (видео)