Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Норвегияда 15 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынады

Норвегия билігі 15 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:  pexels.com

Елдің премьер-министрі Йонас Гаар Стордың айтуынша, технологиялық компаниялар “билік алгоритмімен” жұмыс істейді және олар біз қорғауымыз керек балалардың “миына қарсы" құрылған. 

Норвегия заңы 13 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік желі қолдануға шектеу қойған. Алайда заң әзірге оң нәтиже беріп жатқан жоқ. Он жастағы балалардың 58%-ы, он бір жастағы балалардың 72% әлеуметтік желіні пайдаланады. Заңның іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін билік жергілікті жеке деректер туралы заңдарды өзгертуді және адам жасын ресми түрде тексеру механизмін енгізуді жоспарлап отыр.

The Guardian басылымының мәліметінше, Австралия билігі қыркүйекте осыған ұқсас заңды бекітті. Онда ең төменгі жас әлі белгіленген жоқ. Бірақ төменгі шек 14 пен 16 жас аралығында болады.

Бұған дейін қазақстандық депутат 13 жасқа толмаған балаларға TikTok-ты тыйым салуды ұсынған еді.

Талқылау