Нобель сыйлығының иегері 1 миллион долларды қайырымдылыққа жұмсап жіберді
Пәкістандық құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының иегері 1 млн доллардан аса қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған.
Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.
Малала Юсуфзай әлемдегі ең жас Нобель иегері болып табылады. Ол небәрі 19 жаста. Ол «Мен – Малала» атты кібаты жарыққа шыққан уақыттан бері 1 миллион доллардан аса қаражатты қайырымдылық мақсатында – босқындарды қорғау және білімді дамытуға бөлген.
Малала Юсуфзай – әлем бойынша әйелдердің білімге қол жеткізуін қорғау жолында еңбек етуші пәкістандық заңгер.
Малала Юсуфзай 11 жасында тәліптердің озбыр әрекеттері мен қыз балаларының білім алуы туралы ВВС агенттігі жариялаған блог арқылы әлемге танылды. 2012-жылы тәліптер оны ұрлап әкетіп, салдарынан содырлардан ауыр жарақат алды. Басынан өткен жағдайлар Малалаға автобиография жазуға ықпал етті. Оның бұл еңбегі бүкіл әлемге тарап, өз елінде үлкен пікірталас тудырды.
2013-жылы жарыққа шыққан мемуар 1,8 миллион дана болып әлем елдеріне тарап, 3 миллион доллар қаражат түсті.
Малала екі рет бейбітшілік номинациясы бойынша Нобель сыйлығымен марапатталды. 16 жасқа толған кезде пәкістандық қыз Біріккен ұлттар ұйымы мінберінде сөз сөйледі.
Өмірбаян кітабы шыққаннан кейін М.Юсуфзайдың отбасы дамушы елдердегі қыз балаларына арналған білім жобаларына, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдарға қолдау білдіру үшін арнайы қор құрды.
Ал, биыл Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен конференцияда Малала әлемдік көшбасшыларды Сириядағы босқындар жағдайына, балалардың білім алу мәселесіне назар аударуға шақырып, осы мақсатта 1,4 млрд $ қаражат жию қажеттігін хабарлады.