Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Nissan мыңдаған қызметкерлерін жұмыстан шығарып, өндірісті қысқартып жатыр

Жапонияның Nissan Motor компаниясы шығындарды үнемдеудің түрлі шарасын қарастырып жатыр. Осылайша 9000 мың қызметкерді жұмысынан қысқартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: autogoda.ru

Nissan Motor компанясы биыл екінші жыл қатарынан өзінің толық жылдық болжамын қысқартып, Қытай сияқты ірі нарықтардағы қиындықтармен күресіп жатыр. Сондай-ақ автокөлік өндіретін компания әлемдік өндіріс қуатын 20%-ға қысқартатынын мәлімдеді.

“Бұл шаралар компания қызметкерлерінің қысқарғанын білдірмейді. Nissan барынша тиімді және тұрақты болу үшін бизнесін қайта құрылымдайды. Сонымен қатар бизнес ортадағы өзгерістерге тез бейімделіп, икемді болу үшін менеджментті қайта ұйымдастырады”, – дейді бас директор Макото Учида.

Ixbt басылымының мәліметінше, компания қаржылық жылдағы операциялық пайда болжамын 974,98 миллион долларға дейін төмендетті. Шілде-қыркүйек кезеңіндегі операциялық пайда өткен жылмен салыстырғанда 85%-ға кеміді.

Талқылау