Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Николас Модуро Нью-Йоркке жеткізілді: Венесуэла вице-президенті елдің "ешкімнің" отары болмайтынын мәлімдеді

модуро

Видеодан скриншот

АҚШ әскері Венесуэлаға басып кіріп, қолға түсірген ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес Нью-Йорк штатындағы әуежайда ұшақ бортынан түсірілді. Ал елдің вице-президенті Венесуэланың “отар болмайтынын” мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-қа жеткізілді. Бірнеше сәт бұрын олар ұшақ бортынан түсті", деді NBC News телеарнасының жүргізушісі тікелей эфирде.

Трансляция кадрларынан сұр түсті костюм киген ер адамның траппен төмен түсіп келе жатқанын және оны көптеген құқық қорғау органдары қызметкерлері қоршап жүргенін көруге болады. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған фотосуретте Николас Мадуро дәл осындай киіммен жүрген еді.

Ал АҚШ-тың араласуынан және президент Николас Мадуро мен оның жұбайының ұрлануынан кейін Венесуэланың Қорғаныс кеңесі төтенше отырысқа жиналды. Елдің  вице-президенті Делси Родригес АҚШ-тан Николас Мадуроны дереу босатуды талап етіп, "Венесуэла ешбір елдің отары болмайды" деп мәлімдеді.

Отырыс барысында сөз сөйлеген Венесуэла вице-президенті Делси Родригес АҚШ-ты "президент Мадуроны дереу босатуға" шақырды. Родригес ел ішіндегі тыныштықты қамтамасыз етуге және ұлтты қорғауға үндеді.

"Венесуэла ешбір мемлекеттің отары болмайды", – деді Родригес.

Сондай-ақ ол Мадуроның "ұлттың жалғыз заңды президенті" екенін атап өтті.

"Венесуэлаға жасалып отырған әрекет – халықаралық құқықты өрескел бұзатын жабайылық" деген ол АҚШ әкімшілігі тарих пен әділет алдында жауап беретінін ескертті. 

Родригестің айтуынша, Венесуэланың бүкіл халқы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "бірікті". Қазіргі уақытта елде тыныш жағдай сақталып отыр және билік оны әрі қарай да ұстап тұруға барынша ниетті.

Назархан Уән
Жексенбі, 04 Қаңтар, 2026 08:21