Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Алатау қаласына әлемдік сәулет студиясы тау шыңына ұқсас ең биік екі мұнара салады

Фото: SOM

Жаһандық сәулет студиясы SOM жаңа Алатау қаласының символына айналатын 272 метрлік екі ерекше мұнара салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dezeen.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

жаңа қаланың экономикалық және әкімшілік орталығын жобалауға SOM студиясы жауапты. Жоспар бойынша қала 88 мың гектар аумаққа созылып, төрт ауданнан тұрады және Орталық Азияда халықаралық мәртебеге ие болады.

Компания осы қаланың басты белгісіндей етіп салтын мұнаралардың пішіні саты тәрізді болады. Ол Транс-Іле-Алатау тауларын бейнелейді. Ғимараттың терезелері мен ірі орталық бөлмелері (яғни жарық түсетін үлкен ашық кеңістіктер) ғимарат ішін табиғи жарықпен толтырып, айналадағы тауларға керемет көрініс береді. Ғимараттың дизайны табиғаттан әсіресе таудан шабыт алған.

"Тау жотасы, аңғарлар мен мұздықтардан шабыт алған дизайн қаланың табиғатын сәулетке айналдырады және қазақ ландшафтында бірегей көрініс жасайды”, – деді SOM студиясы.

Фото: SOM

Мұнаралар күн сәулесінің әсерін азайту үшін арнайы терезе жүйелерімен жабдықталған. Ірі орталық бөлмелер ғимарат ішіне жарықты терең жеткізіп, айналаны кеңірек көрсетеді. Ал құрылыс аяқталған соң 272 метрлік мұнара өңірдегі ең биік ғимаратқа айналады.

Алматыға жақын орналасқан "Алатау" кешені мен "Қақпа" ауданы келесі нысандардан тұрады:

  • 272 метрлік ғимарат – кеңселер мен тұрғын үйлерге арналған.
  • 80 метрлік сәнді қонақ үйді қамтиды.

Мұнаралардың астыңғы бөлігі үш қабаттан тұратын үлкен алаң болып есептеледі (шамамен 58 мың шаршы метр). Мұнда:

  • Сауда орындары
  • Мәдени орындар
  • Іс-шараларға арналған кеңістіктер болады.

Фото: SOM

Сонымен қатар, ғимарат қасында тұрғындар үшін жасалған таза және абаттандырылған көшелер мен алаңдар болады. 

Бұл биік ғимараттар тек сәулеттік белгі ғана емес, сонымен қатар экономикалық, әкімшілік және мәдени орталық ретінде қызмет атқарады. Әр мұнарадағы саты тәрізді терезелер мен сыртқы алаңдар жаңа қаланың көрінісін ерекше етеді.

STAN.KZ
Жұма, 03 Сәуір, 2026 17:57