Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлікпен ұрлап кетіп зорлаған": Қызылордада 16 жастағы қыз босанды

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Қызылордада зорлықтың құрбаны болған 16 жастағы қыз босанды. Оны көлікпен ұрлап зорлаған адамға тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға бойынша 29 жастағы ер адам өзінің серіктесімен бірге кәмелетке толмаған қызды күшпен көлікке отырғызған. Кейін пәтерге апарып таңға дейін тұтқында ұстап, зорлаған. 

Оқиға салдарынан жасөспірім қыз жүкті болып, бір ай бұрын босанды. Жас ана күдіктінің туыстарының да, тергеу органдарының да психологиялық қысымына ұшыраған.



Қызылорда облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу органдары тергеу жан-жақты және объективті болады деп сендіреді.

STAN.KZ
Жұма, 03 Сәуір, 2026 16:40