Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппиндер Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты энергетикалық төтенше жағдай жариялады

Фото: Pixabay.com

Филиппиндер Таяу Шығыстағы дағдарысқа байланысты алғаш рет энергетикалық төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Фердинанд Маркос елдің энергетикалық қауіпсіздігін қорғау жөніндегі жарлыққа қол қойып, "энергияның тұрақты жеткізілуі мен қолжетімділігі қауіпке ұшырауы мүмкін" екенін алға тартты. 

Филиппиндер мұнайдың 98%-ын Парсы шығанағы елдерінен импорттайды. Ирандағы соғыс басталғаннан кейін дизель мен бензин бағасы екі есеге көтерілген.

Жарлық үкіметке елдің энергия тұрақтылығын сақтау және экономиканы қорғау үшін заңды мүмкіндік береді. Ол бір жылға енгізіледі. Қажет болса президент оны ұзартуы немесе тоқтата алады.

Сондай-ақ, отын, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа негізгі тауарларды дұрыс тарату үшін арнайы комитет құрылған. Үкіметке тікелей отын мен мұнай сатып алу құқығы берілген.



Дағдарыс басталғалы бері үкімет жүргізушілерге субсидия төлеп, паромдардың санын қысқартқан, мемлекеттік қызметкерлер үшін аптасына төрт күндік жұмыс кестесін енгізген. 24 наурызда энергетика министрі Шарон Гарин елде отын қоры шамамен 45 күнге жететінін хабарлады. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Наурыз, 2026 16:26