Қырғызстандық министр темекі шеккені үшін айыппұл арқалады (видео)

Қырғызстанның ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қоғамдық орында темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде елдің ішкі істер министрінің қоғамдық орында темекі шегіп тұрғаны түсірілген видео тарады. Онда министрдің ғимарат кіреберісінде темекі шегіп тұрғанын көруге болады.
Мәліметке сәйкес, видео жарияланған соң Ішкі істер министрлігі басшысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ниязбековке 3 мың сом (шамамен 17 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Ел министрлігі қызметі мен мәртебесіне қарамастан заңның баршаға бірдей екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Қазақстанда қоғамдық орында темекі шеккені үшін жеке тұлғаларға 15 АЕК (2026 жылы – 64 875 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал алты ай ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 20 АЕК-ке (2026 жылы – 86 500 теңге) дейін өседі. Ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл 50 АЕК-ті (216 250 теңге) болады.
Еске салайық, бұған дейін Қоғамдық орында темекі тартқан астаналық полицейге ескерту жасаған қоғам белсендісі айыппұл арқалағаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?