"Көзге көрінбейтін қауіп": Ғалымдар Алматының ауасын зерттеп ластану себебін анықтады

Urban Climate халықаралық ғылыми журналы зерттеу жасап Алматы ауасының негізгі ластаушылары – PM2.5 микробөлшектері екенін мәлімдеді. Бұл көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер тыныс алу жолдары арқылы қанға сіңіп, жүрек, өкпе ауруларын тудырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық ғалымдар РМ2.5 химиялық құрамын зерттеп, қандай көздер Алматы ауасының ластануына себеп болатынын анықтады. Қорытындысы таңғалдырады.
РМ2.5 - біз күнделікті тыныс алып жүрген көзге көрінбейтін бөлшектер. Олардың ұсақ болғаны соншалық, тыныс алу жолдары арқылы қанға өтіп:
- жүрек ауруы
- өкпе ауруы
- мерзімнен бұрын өлім қауіптерін арттырады.
Бұл бөлшектер Алматыдағы лас ауаның басты әрі қауіпті компоненті.
Ауаны не ластайды?
- Жол шаңы - 32%
- Қала атмосферасы (ластаушы заттардың жиналуы) - 20%
- ЖЭО және қазандықтар - 18%
- Жеке секторды жылыту - 16%
- Автокөлік шығарындылары - 14%
Тұмша бір уақытта бірнеше ластану көзінен пайда болады!
Жол шаңы – бұл газ түтіні емес, жолдағы шаң. Адамдар жүрген сайын, көліктер өткен сайын ол ауаға көтеріледі. Ірі жолдар, мысалы, Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолы, осы шаңның басты көзі.
“Көліктер қозғалған сайын, жол жөндеулері жүргізілген сайын, тіпті жаяу адамдар жүрген сайын ауаға шаң көтеріледі. Асфальт, дөңгелек шиналар мен тежегіштер үйкеліс арқылы ұсақ шаңға айналып, біз оны күн сайын дем аламыз.
Алматы қаласының өзі де ауа ластануының 20%-ына жауап береді. Онда уақыт өте жиналған ескірген ластаушы заттар бар. Ғалымдар ауа құрамынан көмір мен биомасса жағылғанның, сондай-ақ өнеркәсіп белгілерін тапқан. Бұл бәрі жеке үйлердегі пештер, ЖЭО мен түрлі өндіріс қызметінің әсерінен пайда болады”, – делінген зерттеуде.
-
Синоптиктер биыл көктемде Қазақстанның төрт облысында су тасқыны болатынын болжады
-
Қазақстанда 51 жылдық рекорд жаңарып, артынша –40 градус аяз соқты
Алматының географиялық/климаттық ерекшеліктері:
- ауаның тік және көлденең қозғалысының жоқтығы,
- планетарлық шекаралық қабаттың төмен болуы осы ластаушы заттардың концентрациясының артуына әкеледі.
ЖЭО мен жеке сектор
ЖЭО мен жеке үйлердегі жылыту көмір жағу арқылы ауаға 34% ластаушы зат шығарады. Бұл жолдағы шаңмен шамалас.
- ЖЭО – көмірді жоғары температурада жағады, күлі уытты заттар болады.
- Жеке үйлер – қатты отын, биомасса және қалдықтарды жағады.
Алматыда суық ауа райы кезінде тіпті бірнеше үйде көмір жағылса, ол дұрыс таралмағандықтан, ауа сапасына әсер етеді.
Автокөліктер
Автокөлік шығарындылары PM2.5 бөлшектерінің 14%-ын құрайды. Бірақ көліктер сонымен бірге жолдағы шаңның да басты көзі болып табылады – ол 32%-ды құрайды.
Ғалымдардың зерттеуі нақты шешімдер ұсынады:
- ЖЭО – газға көшу және тазартудың заманауи әдістерін қолдану
- Жеке үйлер – көмірді тоқтату, газға көшуге субсидия беру, үйлерді оқшаулау арқылы жылу шығынын азайту
- Көлік – жеке автокөліктерден қоғамдық көлікке көшу, сапалы техникалық тексеру, микромобильділікті дамыту
- Қалалық басқару – PM2.5 деңгейін 25 мкг/м³ деңгейінде ұстап тұру және мониторинг желісін кеңейту
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?