Қырғызстан экономикасы Орталық Азияда ең тез өсіп келе жатыр – Сарапшылар

Сарапшылар соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің экономикасы қарқынды өскенін мәлімдеді. Ал осы елдердің қатарындағы Қазақстан Қырғызстан мен Өзбекстанға қарағанда экономикалық өсім қарқыны сәл баяулаған. Елімізде мұнай өндірісінің артуы арқасында елдің экспорттық табысы күрт төмендемеген. Ал инфляция Қырғызстан мен Өзбекстандағы көрсеткіштерге қарағанда жоғары болып, 12%-ға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы сарапшыларының мәліметінше, жалпы алғанда, жоғары экономикалық өсімнің арқасында Орталық Азия елдерінің жиынтық ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) 500 миллиард доллардан асқан. Ал жан басына шаққандағы орташа ЖІӨ 12 мың доллардан жоғары болды.
Экономикалық өсім
2025 жыл Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін соңғы жылдардағы ең табысты жылдардың бірі болды.
- Қырғызстанда экономикалық өсім 9%-дан 11,1%-ға дейін артты.
- Өзбекстанда 6,5%-дан 7,7%-ға дейін өсті.
- Қазақстанда 5%-дан 6,5%-ға дейін көтерілді.
- Тәжікстан мен Түрікменстанда өсім бұрынғы деңгейде тұрақты сақталған.
2022 жылдан бері аймақтағы экономикалық өсім бойынша Қырғызстан көш бастап келеді. Осы уақыт ішінде бұл елдің ЖІӨ-і шамамен 44%-ға артқан. Мұндай нәтижеге ішкі өндірістің ұлғаюы, құрылыс саласының дамуы, тұтынушылық сұраныстың артуы және тауарларды қайта экспорттау ықпал еткен.
Өнеркәсіп пен сұраныс
Орталық Азия елдерінде өнеркәсіп өндірісі де қарқынды өскен. Қазақстанда бұл көрсеткіш 7,5% болды. Дегенмен Тәжікстанда өнеркәсіп өсімі 22%-дан асқан. Бұл біздің елмен салыстырғанда көбірек көрсеткіш.
“Аймақтағы барлық елде ішкі сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. Сауда мен инвестициялар көлемі екі таңбалы өсім көрсетті. Кейбір мемлекеттерде бұған шетелде жұмыс істейтін азаматтардың елге жіберетін ақша аударымдары да әсер етуде. Мысалы, Тәжікстанда мұндай аударымдар елдің ЖІӨ-нің жартысына жуық бөлігін құрайды”, – делінген жазбада.
- Трамп Ресей мұнайына санкцияны алып тастады: Оны кез келген мемлекет сатып ала алады
- 2026 жылы қазақстандықтар үшін несие алу және бөліп төлеумен сатып алу қиындайды
Сауда және инвестициялар
Қазақстанда сауда өсімі Орталық Азия елдерімен салыстырғанда баяу болды. Бұған мұнай бағасының төмендеуі мен инфляцияның 13%-ға дейін өсуі әсер етті.
Тәжікстанда инвестициялар негізінен энергетика, тау-кен өндірісі және тұрғын үй құрылысы жобаларына бағытталды. Ал Өзбекстанда реформалар мен экономиканы жаңғырту шаралары аясында инвестициялар көлемі артқан.
Экспорт
Өткен жылы Қазақстанның мұнай экспортына қысқартулар қатты әсер етпеді. Мұнай бағасы төмендегенімен, өндіріс көлемінің артуы экспорттан түскен табыстың күрт азаюына жол бермеді. Ал көрші елдерде жағдай әртүрлі болды: Тәжікстан мен Өзбекстанда алтын бағасының 50%-ға өсуі экспорттық табысты арттырса, Қырғызстанда алтын өндірісінің азаюына байланысты бұл металл экспорты 70%-дан астам қысқарды.
Инфляция
Инфляция Қазақстан үшін әлі де маңызды мәселе болып отыр. Тарифтер мен жанармай бағасының еркін реттелуі бағаның 8,6%-дан 12,3%-ға дейін өсуіне әсер етті. Кейін үкімет бұл шараларды уақытша тоқтатып, бағаның одан әрі өсуін тежеді.
Көрші елдерде де жағдай әртүрлі: Тәжікстанда инфляция 3,5%-ға дейін баяулады, Өзбекстанда 10%-дан 7,3%-ға дейін түсті, ал Қырғызстанда 9,4%-ға дейін өсті.
“Инфляциялық қысымға байланысты Қазақстанда қатаң ақша-несие саясаты жүргізіліп отыр, орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемесі екі таңбалы деңгейде сақталып отыр”, – делінген зерттеуде.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды