Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтардың жер телімдері мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынады: Мекенжайлар тізімі жарияланды

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мемлекеттік қажеттіліктер үшін алматылықтардан 70-тен астам жер телімін сатып алу туралы бірнеше қаулыға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы ақпарат қаланың ресми басылымы "Алматы ақшамы" газеті жариялады.

Райымбек даңғылын шығыс бағытта ұзарту үшін Медеу және Жетісу аудандарының аумағында орналасқан жер телімдерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін тәркіленеді.

Алып қойылатын жер учаскелерінің мекенжайлары:

- Есенберлин көшесі, 41А

- Набережная көшесі, 12

- Менделеев көшесі, 70

- Донбасс көшесі, 43, 51

- Чаплин көшесі, 17, 19, 37

- Желмая көшесі, 43, 45, 45 (1-құрылыс)

- Медеу ауданы, 99-учаске (Шерхан Мұртаза көшесі, 49)

- Речка Казачка көшесі, 48

- Арықова көшесі, 44, 54/49, 60/44 (1-пәтер және 2-пәтер)

Аталған жер учаскелері 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қойылуы тиіс.

Сонымен қатар Алатау ауданында Бұрындай – Ақсеңгір учаскесінде Алматы-3 теміржол вокзалын салу үшін мемлекеттік қажеттіліктерге 52 жер учаскесі алынады.

Жер телімдерінің мекенжайлары:

- Мәдениет ықшамауданы, 3 көшесі, 1 және 2 учаскелер

- Мәдениет ықшамауданы, 185/4, 185/5, 185/6, 185/7, 185/8, 185/10, 185/11, 185/12, 185/13, 185/14, 238, 378, 692, 692/1, 811, 840, 840А, 840/1, 841 учаскелер

- Мәдениет ықшамауданы, Салбұрын көшесі, 1

- Мәдениет ықшамауданы, Мамыражай көшесі, 2

- Мәдениет ықшамауданы, Киелі Бұлақ көшесі, 1 және 2 учаскелер

- Мәдениет ықшамауданы, Саржайлау көшесі, 1, 2, 4, 6, 8, 8/1, 10, 12, 14, 16, 16/1, 18, 20 учаскелер

- 71-разъезд, 1/1 учаске

- 71-разъезд, Күрті көшесі, 3

- "КөкӨзек" тұтынушылық кооперативі, 157 және 157/1 учаскелер

- "Алтын Алма" бау-бақша серіктестігі, 63, 74, 76, 80, 83, 102 учаскелер

- Рахат ықшамауданы, М. Байжанова көшесі, 30/1 және 30/5 учаскелер

Мемлекеттік қажеттіліктерге мәжбүрлі алып қою мерзімі 2028 жылғы 31 желтоқсанға белгіленген.


Алматылықтар енді зираттан орынды онлайн таңдауына болады


Алмалы ауданында Мұқанов көшесін Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін созу үшін мемлекеттік қажеттіліктерге үш жер учаскесі алынады.

Жер телімдерінің мекенжайлары:

- Моңғол көшесі, 65, 2-пәтер

- Есентай көшесі, 30/32

- Есентай көшесі, 43

Алып қою мерзімі 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.

Наурызбай ауданында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жалпы ауданы 1,8639 га жер телімі алынады. Мақсаты – "Ақжар" ықшамауданында Жандосов және Егінсу көшелерінің қиылысында көлік түйінін салу.

Жер телімінің мекенжайы:

- Егінсу көшесі, 35/18

Мәжбүрлі алып қою мерзімі 2027 жылғы 31 желтоқсанға белгіленген.

Барлық жер телімдері нарықтық бағамен сатып алынады. Алматыда жер учаскелерін алу жұмыстарын "Қала жер орталығы" басқармасы жүргізеді. 

Еске салсақ, осыған дейін мемлекет Алматыдағы тау курорттарын біріктіруге 172 миллиард теңге жұмсамайтынын жазғанбыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 22:15