Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда колледжде жігіт қызына ызаланып, өзіне дене жарақатын салды

Фото: Желі кадрларынан

Павлодарда медициналық колледжде жігіт сөйлесіп жүрген қызымен қарым-қатынасын анықтау үшін өзінің тамырларын кесіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға медициналық колледжде болған. Әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа сәйкес, жігіт мұнда қызымен сөйлесуге келген. Алайда келіспеушілік болып, жанжал кезінде ол өз-өзінің тамырын кескен. Оқиғадан басқа зардап шеккендер жоқ деп хабарланды.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы оқиға орнынан бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Онда оған медициналық көмек көрсетіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, жігіт кәмелетке толмаған болуы мүмкін.

Ал Павлодар облысының полиция департаменті бұл факт бойынша оқиғаны растады. 

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білек тұсы аймағында дене жарақатын келтірген. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді. Жарақат салған құрал тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді”, – делінген хабарламада.

STAN.KZ
Жұма, 27 Ақпан, 2026 17:19