Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын басқарады

Фото:  Mega/ Article continues below advertisement

2 наурыз күні АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына төрағалық ететін болды. Дәл осы күні аталған органдағы ротациялық төрағалық АҚШ-қа өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесу "Қақтығыс жағдайындағы балалар, технологиялар және білім беру" тақырыбында өтеді. Бірінші ханым өз сөзінде білім берудің толеранттылық пен бейбітшілікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталады.

БҰҰ өкілінің айтуынша, әлемдік көшбасшының жұбайы алғаш рет Қауіпсіздік кеңесінің отырысын басқарайын деп отыр. Әдетте отырыстарды сол елдің тұрақты өкілі немесе жоғары лауазымды үкімет мүшесі жүргізеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұрын БҰҰ-ны тиімді емес деп сынға алып, реформалау қажет екенін айтқан еді. Бірақ кейін ол ұйыммен жұмысын нығайтып, қаржылай қолдау көрсететінін де мәлімдеген.

Fox News хабарлағандай, ақпанда АҚШ БҰҰ-ның мүшелік жарнасына шамамен 160 миллион доллар төлеген. Ал елдің ұйымға жалпы қарызы 4 миллиард доллардан асады.



Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы ай сайын 15 мемлекет арасында ауысады. Онда бес тұрақты ел: АҚШ, Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания бар. Ал 10 тұрақсыз ел арасында: Бахрейн, Колумбия, Конго, Дания, Греция, Латвия, Либерия, Пәкістан, Панама және Сомали бар. Тұрақты мүшелер кез келген резолюцияны мақұлдамау немесе кері қайтару (вето) құқығына ие. Бірақ тек рәсімдік мәселелерге ғана емес, барлық маңызды шешімдерге қолдана алады.

Қазақстан 2018 жылы алғаш рет Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығына ие болып, Орталық Азиядағы бірінші тұрақсыз мүшесі атанды. 2019 жылы Қазақстан кеңестегі екі жылдық қызметін аяқтады. 

STAN.KZ
Жұма, 27 Ақпан, 2026 16:40