Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Яна Легкодимованың ісі: Сотталғандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды

Яна Легкодимованың ісі: Сотталғандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалдыФото: Әлеуметтік желіден

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша берілген апелляциялық шағымдарды қарап, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Ризуан Қайыржанов пен оның танысы Алтынбек Катимовты кінәлі деп танып, екеуін де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.

Судья Зарема Хамидуллина олардың әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтары "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып және жалдамалы негізде жасалған кісі өлтіру" және 202-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою" бойынша саралады.



Екі сотталғанға тағайындалған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күшінде қалдырылды. Қорғау тарапының барлық апелляциялық шағымдары мен өтініштері қанағаттандырусыз қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген.

Үкім жарияланғаннан кейін Яна Легкодимованың анасы Галина Легкодимова журналистердің сұрақтарына жауап берді.

"Қазір ең болмаса, осы мәселеге нүкте қойдым. Әрі қарай не болатынын әзірге айта алмаймын. Бүгін, олардың кетіп бара жатқанын біліп, алғаш рет тыныш ұйықтайтын шығармын. Бір жыл төрт ай бойы олар жаза арқалады деп есептемеймін. Олар өз үйлерінде отырды. Қасында отбасы, тамақ, азық-түлік, телефон, барлығы болды. Енді олар кетеді, сол сәттен бастап мен есеп жүргізе бастаймын", – деді Галина Легкодимова.

Еске салсақ, осыған дейін Яна Легкодимованың өліміне қатысты сотталған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтың адвокаттары мен қорғаушылары апелляциялық шағым түсіргенін жазғанбыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 19:55