Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Минус 40 градус аяз": Синоптиктер алдағы күндері ел аймақтарында ауа райы суитынын айтты

Фото: pixabay.com

Қазгидромет Қазақстан бойынша 24-26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен күн суиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келетін суық антициклон әсер етеді. 

“Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы төмендейді. Тек оңтүстік өңірлерде нөсер жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанды. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады”, – делінген хабарламада.



  • Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады;
  • Солтүстік және орталық өңірлерде 28–37 градусқа дейін төмендейді;
  • Шығыста 32–40 градус аяз болады; 
  • Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0–10 градус аяз шамасында болады.
STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 16:05