Тоқаев Питер Фостермен АҚШ-қа рейстер ашу мәселесін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды”, – делінген хабарламада.
-
Қазақстанда Boeing ұшақтарына қызмет көрсететін орталық ашылады
-
Қазақстанның үстінен ұшып өткен құпия ұшақтың бортында кім болғаны белгілі болды
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілетін одан әрі арттыру қажет екенін айтты.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"