Жанар Айжанованың қызы мен күйеубаласы жаңа пентхаусын көрсетті

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мен күйеуі Сәкен Қағаров жаңа баспанасын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогерлер жақында жаңа баспанаға – пентхаусқа көшкен еді. Енді күні кеше Сәкен Қағаров әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, жаңа пәтерін көрсетті. Пентхауста екі қонақ бөлмесі, асүй, балалар бөлмесі және оларға арналған жуынатын бөлме, үй иелерінің жатын бөлмесі және олардың жеке жуынатын бөлмесі бар.
“Сәлем, біздің қонысқа қош келдіңіз”, – дейді Айжұлдыз видеоның басында.
Үйдің кіреберісінде үлкен айна бар, ал ол айнаның артында киім ауыстыратын бөлме жасырылған. Киім ауыстырылатын бөлме де екі бөлінген, ақ түсті жағында Сәкеннің заттары қойылса, көк түсті жағында Айжұлдыздың заттары сақталған.
Айжұлдыз үйге толық орналаспағанын, әлі көп зат қойылатынын айтты.
Жұптың жаңа баспанасының қабырғасы өте жайлы ақ түске боялған, ал түрлі түсті және пішінді жиһаздар ерекше өң беріп тұр. Тағы бір ерекшелік – Айжұлдыз жасаған аспалы шам. Сондай-ақ пәтерде Сәкеннің жұмысы әрі хоббиіне арналған спорттық керек-жарақтарын сақтауға арналған бөлме бар.
“Асүйдің дизайнын, әрбір бөлшегін өзім таңдадым. Отбасымды осында жинап, жақсы күндерді көп өткіземіз деген ойдамыз”, – деді Айжұлдыз.
Сәкен Қағаров Айжұлдыз екеуінің жеке жуынатын бөлмесін көрсетті. Оның айтуынша, бөлмедегі санитарлық техниканың бәрі Smart жүйесі бойынша жұмыс істейді.
“Мына душта әрі балийлік жаңбыр, әрі сарқырама, тіпті бұршақ режимі де бар, жанынан атқылайтын душтар да қарастырылған. Мен шынымен таңғалып тұрмын”, – деді ол.
Айта кетейік, былтыр қазанда танымал әнші Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелген еді. Кейінірек өнер иесі Айжұлдызды перзентханадан алып шыққаны хабарланған еді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр