Оңтүстік Кореядағы заңсыз жүрген қазақстандықтар ақпанның соңына дейін елден өз еркімен кете алады

Фото: pixabay.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін айыппұлға ілікпей, қайта кіруге тыйым алмай, елден ерікті түрде шыға алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, ерікті түрде елден шығу бағдарламасының уақытша мерзімін кеңейту туралы келісім 2025 жылы жүргізілген келіссөздер барысында жасалған.
“Бұл келіссөздер заңсыз көші-қонды азайту және Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мәселелеріне арналды. Келісімге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Әділет министрлігі қол жеткізді.
Бұл шаралар құқықтық салдарды жеңілдетуге және өз мәртебесін заңды түрде реттегісі келетін адамдарды қолдауға бағытталған. Алайда бағдарлама қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамдарға қолданылмайды. Сондай-ақ, мәжбүрлеп елден шығаруға жататын шетелдіктер бұл бағдарламаға кірмейді. Бұған қоса, 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетел азаматтары да бағдарламаға қатыса алмайды”, – делінген хабарламада.
Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі.
-
АҚШ иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатады: Тізімде Қазақстан бар
-
Енді шетелдіктер Қазақстанда тұруға рұқсат алу үшін қазақ тілінен емтихан тапсыруы керек
“Министрлік қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмыс істеуге шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарылу, айыппұл салу, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты қауіптердің алдын алуға көмектеседі. Шетелде жұмыс іздеген кезде тек ресми әрі тексерілген арналарға жүгіну қажет. Оларға лицензиясы бар жеке жұмыспен қамту агенттіктері, мемлекеттік бағдарламалар және жұмыс берушілердің ресми ұсыныстары жатады”, – деді ведомство.
"Төсек салып жатқызайық, содан кейін өзі-ақ қалады": Алып қашу құрбаны болған қазақстандықтардың жантүршігерлік оқиғалары