"Қар жауып, жел күшейеді": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: pixabay.com
Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді деп болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктер 20-22 қаңтар аралығында, Қазақстан аумағындағы ауа райын атмосфералық фронттар айқындайтынын жеткізді. Елдің басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді деп болжануда. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Ал 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болады деп болжанды.
22 қаңтарда елдің солтүстігінде айтарлықтай суық болады. Жаңа Жер жақтан ығысқан антициклон салдарынан түнде ауа температурасы -25, -38 градусқа дейін төмендеп, күндіз -20, -30 градус аяз болады.
-
Қаңтар айында Алматыда неге ауа райы әдеттегіден жылы: Синоптиктер түсіндірді
-
Ғалымдар Каспий теңізі екіге бөлінетінін ескертті: Бұл Қазақстанға қандай қауіп әкеледі?
Ал батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы біртіндеп жылиды. Оңтүстікте күндіз ауа температурасы -5 пен +3 градус аралығында болса, таулы аймақтарда -8, -13 градус, ал елдің батысында -5, -13 градус шамасында болады.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты