Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауын-шашын, қар мен бұрқасын болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

ауа райы

Фото: freepik.com

Синоптиктер 6-8 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің біраз аймағында жауын-шашын мен қар болжанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидромет мәліметінше, 6-8 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс бағыттан циклондар ығысады. Салдарынан жауын-шашынның кезекті толқынын алып келеді. Республикасының батысында жауын-шашын жаңбыр және қар мен көктайғақ құбылыстары болжануда. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.



Ауа температурасының жоғарылауы батыс өңірлерде байқалады: түнде 5–16° аяздан 0–8° аязға дейін, күндіз 10° аяз –3° жылыдан 3° аяз –8°-ға дейін көтеріледі. Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде 3–16° аяздан 10–25° аязға дейін, күндіз 1–11° аяздан 5–15° аязға дейін. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Түнде 1–16° аяз, күндіз 0–10° жылы, таулы аймақтарда түнде 0–10° аяз сақталады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Қаңтар, 2026 16:01