Үндістанда үй шаруасындағы әйелдерге жалақы төленіп жатыр

Фото Hindustan times
Үндістанда үй шаруасындағы әйелдерге кішігірім сомада болсын ақша төлеуге бағытталған ауқымды әлеуметтік эксперимент жүргізілуде. Бұл олардың отбасына қарап, үй тіршілігін істеген еңбегіне ризашылық ретінде беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мысалы, Үндістанның орталық бөлігіндегі Мадхья-Прадеш штатындағы бір ауылда тұратын үй шаруасындағы әйел Премила Бхалави ай сайын аз болса да тұрақты төлем алып келеді. Бұл мемлекеттен берілетін ерекше жәрдемақысы 1500 рупий (8 мың теңгеден аса) тұрады. Әйелдің айтуынша, үлкен сома болмаса да дәрі-дәрмек, көкөніс сатып алуға және ұлының мектеп шығындарын төлеуге жетеді. Бұдан бөлек, бұл жәрдемақының маңызы әлдеқайда терең: тұрақты табыс, өз өмірін бақылауда ұстап отырғандай сезіну және дербестік сезімін береді екен. Премиланың айтуынша, мұның бәрін бағаламау мүмкін емес.
Премила сияқты әйелдердің саны күн санап артып келеді. Бүгінде Үндістан бойынша 12 штатта 118 миллион әйел осындай төлем алып отыр. Мемлекет белгілі бір жастағы әйелдерге үй шаруасын жүргізгені, отбасыға тегін күтім жасаудың негізгі ауыртпалығын көтергені үшін ақы төлеп отыр.
Алушыларды іріктеу талаптары әртүрлі. Жас мөлшеріне қойылатын шектеулер, табыс деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлері бар, салық төлейтін немесе көлігі мен ірі жер телімдері бар отбасыларды мұндай салық төленетіндер тізімінен алып тастау шарттары қарастырылған.
-
Швейцарияда әйелдерді де әскери борышын өтеуге міндеттеу ұсынылды
-
Енді Түркияда әлеуметтік желідегі "лайк" ресми түрде ажырасуға себеп бола алады
"Мұндай ақшалай төлемдер Үндістан штаттарындағы әлеуметтік төлем жүйесінің әйелдер пайдасына қарай едәуір кеңейгенін білдіреді", – деді Лондон корольдік колледжінің құқық және әлеуметтік әділеттілік профессоры Прабха Котисваран.
Төлем көлемі айына 1000-нан 2500 рупийге дейін (6-15 мың теңге) өзгереді. Бұл – бір үй шаруашылығы табысының шамамен 5–12%-ын ғана құрайтын мардымсыз сома. Алайда ең бастысы – оның тұрақты түрде төленуі. Қазір 300 миллион әйелдің банктік есепшоты бар болғандықтан, қаражат аудару процесі жеңіл әрі жылдам жүзеге асуда.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?