Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электромобильді бажсыз әкелу мүмкіндігі алып тасталмақ: Қазақстандықтар енді көлікті қалай әкеле алады

Фото: freepik.com

Қазақстанда 2026 жылдан бастап электромобильді кедендік бажсыз әкелу мүмкіндігі алып тасталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында үкімет басшылары келесі жылы электромобильдерді бажсыз әкелу құқығы тек Армения (15 мың), Беларусь (20 мың) және Қырғызстанда (15 мың) ғана сақталатыны айтты. Қазақстан бұл тізімге енгізілген жоқ.

Сондай-ақ мұндай электромобильдерді Қазақстан мен Ресей азаматтарына немесе резиденттеріне беруге тыйым салынды.

Енді электромобильдерді қалай әкелуге болады?

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың 15 қазанында квота толық пайдаланылған. Елге 15 000 электромобиль әкелінген. Дегенмен, қазақстандықтар электромобильдерді келесі шарттар бойынша әкеле алады:

Еуразиялық экономикалық одақ біркелкі кедендік тарифі (ЕТТ) бойынша:

Кедендік баж – 6 Айлық есептік көрсеткіш;

Қосылған құн салығы – 12%;

Импорттық баж – кедендік құнының 15%-ы.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы алдындағы міндеттемелері бойынша:

Кедендік баж – 6 Айлық есептік көрсеткіш;

Қосылған құн салығы – 12%.

Биыл электромобильдерді әкелу квотасы таусылып, келесі жылға ол қарастырылмаған. Сондықтан шетелден электромобиль сатып алуды жоспарлап отырғандар оны қалыпты кедендік ережелер бойынша әкелуге мәжбүр болады.

Айта кетейік, бұған дейін Электромобильдер Қазақстан экономикасын құлдыратуы мүмкін екені айтылған еді. 

STAN.KZ
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 18:02