"Табыстың төмендеуі себеп": Papa John’s бренді Қазақстандағы жұмысын тоқтатады

Фото: Papa John’s парақшасынан
Papa John’s бренді Қазақстан бойынша мастер-франчайзи ретіндегі қызметін аяқтап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жаңалықты желіде компания басшысы Данияр Монолбай жеткізді.
“Біздің компания Қырғызстан мен Қазақстандағы Papa John’s бренді бойынша мастер-франчайзи ретіндегі қызметін аяқтап жатыр. Бұл – ұзақ уақыт табыстың төмендеуі, шығындардың өсуі және жиналған міндеттемелерге байланысты қабылданған ауыр, бірақ мәжбүрлі шешім. Барлық қолжетімді қаражат ең маңызды төлемдерге бағытталды: жалақы, салықтар, жалдау шығындары және қарыздардың бір бөлігін өтеу. Қазақстанда біз көптеген қызметкерлерге басқа компанияларда жұмысын жалғастыруға көмектесе алдық. Бұл қызметті аяқтаудың маңызды бөлігі болды және мен олардың әрқайсысына атқарған еңбегі үшін алғыс айтамын”, – деді ол.
-
ArtSport платформасы 2026 жылы 1 қаңтардан бастап өз қызметін тоқтатады
-
Алматыда ICON CLUB кәмелетке толмағандармен өткен дискотека үшін жабылады
Ресторатор жылдар бойы бірге болған клиенттеріне алғыс білдірді.
“Қалған міндеттемелер заңды тәртіпте реттеліп жатыр. Бұл уақыт пен бірізді орындауды қажет етеді. Мен бұл кезеңге толық жауапкершілікпен және барынша ашық түрде қараймын. Осындай шешімдердің кез келген басшы үшін қаншалықты қиын екенін түсіністікпен қабылдағандардың бәріне рақмет”, – деді ол.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты