Астанада мас күйдегі жасөспірімдер 16 жастағы қызды аяусыз зорлап, өлтірген

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов сенат отырысында бірқатар кәсіпкерлер түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзып жатқанын мәлімдеді. Ол бұл жағдай елдегі қылмыс көрсеткішіне кері әсер еткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министр осыған байланысты Астанада болған оқиғаны мысал ретінде келтірді.
“Астанада 18 қараша күні 16 жастағы жасөпірімдер пәтер жалдап, дүкеннен спирттік ішімдік сатып алып, ішкен. Осыдан кейін олар 16 жастағы қызды аяусыз зорлап, өлтірген”, – деді Санжар Әділов.
Министрлік өкілінің дерегінше, Қазақстанда әр екінші кісі өлтіру, әр үшінші зорлау фактісі алкогольдік масаң күйде жасалады.
“Қазір елімізде әр екінші кісі өлтіру, әр үшінші зорлау мен бұзақылық алкогольдік масаң күйде жасалады. Әр төртінші тонау мен жол-көлік оқиғасы да мас адам тарапынан жасалады. Қылмыстардың 60%-ы түнгі уақытта жасалады. Биыл көңіл көтеретін орындардағы құқықбұзушылықтар туралы азаматтардан 42 мың өтініш түсті. 11 айда 1749 қылмыстық іс тіркелді. Елде жасалған әр төртінші құқықбұзушылық – масаң күйде жасалған әрекет. Қазір бұл 10 кісі өлтіру, 579 дене жарақатын келтіру фактісі, 8 зорлау, 26 тонау, 238 бұзақылық”, – деді Санжар Әділов.
Үй маңындағы дүкендерде сатылмауы керек – Сенатор Қазақстанда алкогольге тыйым салуға қатысты
Вице-министр Астана мен Алматыдағы жағдай ерекше алаңдататынын атап өтті.
“Елордадағы 171 көңіл көтеру орнында 357 қылмыс жасалды. Олардың басым бөлігі түнгі уақытта, тіпті таңға жуық уақытта болған. Бірқатар орындарда құқықбұзушылық бірнеше рет қайталанып отыр. Жыл басынан бері Астанада 3431 шақыру тіркелді, оның 90 пайызы сағат 23:00-ден кейін шақырылған. Бір нысанда бес қылмыс тіркелді, оның төртеуінде пышақ қолданылған, соңғысы адам өлімімен аяқталған. Алматы бойынша да статистика өте қорқынышты. 3588 қоңырау түсіп, 14-тен астам кісі өлтіру фактісі анықталған”, – деп атап өтті вице-министр.
Еске салсақ, бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкогольді онлайн сатуға тыйым салуды ұсынған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды