"Тісін әткеншекке соғып алған": Қарағанды облысында балабақша өз тәрбиеленушісінің отбасына 500 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді
Видеодан скрин
Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы балабақша өз тәрбиеленушісінің отбасына 500 мың теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді. Бала ойнап жүріп тісін әткеншекке соғып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға биыл мамыр айында орын алған. Ойын кезінде 5 жастағы бала әткеншектен қатты соққы алған. Анасының айтуынша, тәрбиеші жедел жәрдем шақырмаған, өзі алғашқы көмек көрсетіп, кейін болған жайтты хабарлаған. Анасы баласын балабақшадан “аузы толы қан” күйінде алып кеткен. Ана өз күшімен ауруханаға, құқық қорғау органдарына жүгініп, кейін сотқа арыз түсірген. Ата-ана балабақшадан 1,5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруді талап еткен.
Оқиғадан кейін балабақшада жергілікті полиция бөлімі, медицина және фармацевтикалық бақылау департаменті, сондай-ақ төтенше жағдай қызметкерлері тексеру жүргізген. Тексеріс нәтижесінде әткеншектердің талаптарға сай екені анықталды.
Семей тұрғыны балабақша тәрбиешіcі ұлын қалай ұйықтатқанын көрген соң, полицияға шағымданды
"Жыныс мүшесінің қанағанын байқаған": Қазақстандық әйел қызын балабақша басшысы зорлады деп айыптады
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, баланың алған жарақаты оның денсаулығына орташа деңгейде зиян келтірген.
Шахтинск қалалық соты азаматтық істі қарап, ананың талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Балабақша 500 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы, 32 285 теңге материалдық шығын, сондай-ақ өкілдік қызметке төленген шығындар мен мемлекеттік бажды өтеуге міндеттелді.
“Талапты ішінара қанағаттандыра отырып, сот баланың денсаулығына келтірілген зиян мектепке дейінгі ұйым әкімшілігінің кінәсінен болғанын атап өтті, себебі тәрбиешілер кәмелетке толмаған балаларға тиісті бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ сот талапкердің баланың тісіне байланысты болуы мүмкін жарақаттың кейінгі салдарлары туралы тұжырымдарын да ескерді”, – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында бүлдіршін балабақшада жарақат алғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік