Қазақстандықтар Жаңа жылға орай неше күн демалатыны белгілі болды

Фото: depositphotos.com
Қаңтарда қазақстандықтар қатарынан бірнеше күн демалыс алады. Күнтізбеге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасындағы жұмысшыларды 12 күн демалыс күтіп тұр, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар жеті күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бес күндік жұмыс аптасындағы жұмысшылар үшін:
- 30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;
- 1-2 қаңтар – Жаңа жыл мерекелері;
- 3-4 қаңтар – демалыс күндері;
- 5-6 қаңтар – жұмыс күндері;
7 қаңтар – православиелік Рождество мерекесіне орай демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасындағы жұмысшылар үшін:
- 30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;
- 1-2 қаңтар – мереке күндері;
- 3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;
- 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс күні;
- 5-6 қаңтар – жұмыс күндері;
7 қаңтар – православиелік Рождество мерекесіне орай демалыс күні.
Мектеп оқушыларының қысқы демалысы 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін созылады. Балалар мектепке 8 қаңтарда оралады.
Сонымен қатар қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсанда қосымша демалыс алады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды