Қазақстанда келесі жылы қандай бензин түрлерінің бағасы қымбаттайды

Фото: freepik.com
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мемлекет реттемейтін жанармай бағалары өзгеруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр жанармай маркалары, яғни АИ-95 және АИ-98, қымбаттауы мүмкін екенін жеткізді.
"Жанар жағар май туралы айтар болсақ, ең алдымен әлеуметтік маңызы бар жанармай – АИ-92 жанармайы мен дизель отыны туралы айту керек. Бұлар бұрын мемлекет тарапынан реттелетін. Бізде 2026 жылдың наурызына дейін мораторий жарияланған. Осы уақытқа дейін баға өзгермейді", – деді министр.
Министрдің айтуынша, мораторий сұйытылған мұнай газының бағасына да қатысты, заң бойынша оны жылына екі рет қана өзгертуге болады.
"Сұйытылған мұнай газы. Заң бойынша жылына екі рет бағаны түзетуге мүмкіндік бар. Бірақ тағы да айтамын, Үкімет 2026 жылдың наурызына дейін мораторий жариялады, баға өзгермейді. Ешкімге құпия емес: Қазақстанда бүгінде газ өндіру де, тауарлық немесе сұйытылған газ шығару да тиімсіз. Экономикасы жағынан минус. Яғни газ өндіру де, газ шығару да пайда әкелмейді", – деп түсіндірді ол.
-
Қазақстанда дизель отыны мен бензин тапшылығы бола ма: Энергетика министрлігі жауап берді
-
Қазақстанда мұнай болса, бензин арзан болады деген сөз емес – Жұманғарин
Министрдің айтуынша, Қазақстанда газға ғана емес, мұнай өнімдеріне де бағаны еркіндету бойынша реформа жүріп жатыр.
"2026 жылдың наурызына дейін күтеміз", – деді Әккенженов.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады