Терреңқұр аумағындағы Алагөзовтың жер телімдерінің жанындағы жекеменшік үйлер бұзылып жатыр
Фото: facebook.com/sergey.chikin
Алматыдағы Терреңқұрдың айналасында тұратын тұрғындар миллионермен көрші болуы мүмкін. Қазақстандық PR-маманы Сергей Чикин ұзақ уақыттан бері дауға айналған учаскелер Қазақстандық продюсер әрі Forbes тізіміндегі миллионердің отбасына тиесілі екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kursiv.media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін тұрғындар аудандағы екі үйдің орнына қонақүй салынуы мүмкін деген ақпаратқа наразылық білдірген еді. Чикиннің мәліметінше, ол үйлерді бұзу жұмыстары басталып кеткен. Тұрғындар бұл үйлерді Баян мен Тұрсынғали Алагөзовтардың отбасы сатып алғанын мәлімдеген еді.
Forbes ақпаратына сәйкес, Тұрсынғали Алагөзовтың жағдайы 130 миллион долларға бағаланып, ол Қазақстанның ең бай 100 адамы рейтингінде 61-орында тұр.
Сергей Чикин Kursiv LifeStyle басылымына білдірген пікірінде жер телімінің аумағы қоршалғанын айтқан.
“Аумақ бір қоршаумен бекітілген және онда бірыңғай құрылыс жобасы дайындалып жатқан секілді", – деді ол.
Айта кетейік, Терреңқұрдың айналасында 30 соттық жер теліміне қатысты дау бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұл жер заңбұзушылықтармен 2000 жылы бұрынғы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедке берілген, кейін учаске қазіргі иелеріне өткен. Ал 2025 жылғы қыркүйекте көршілес үйлердің тұрғындары бұл жерде апарт-отель салынатынын айтып, дабыл қаққан.
Айта кетейік, бүған дейін Баян Мақсатқызы әйелдерге екі күйеуге тұрмысқа шығуды заңдастыруды ұсынғана хабарланған еді.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр