Туыстары жындыханаға күштеп жатқызған ақтөбелік көпбалалы анаға пәтер берілді

Видеодан скрин
Үй дауына байланысты туыстары жындыханаға күштеп жатқызған ақтөбелік Жұлдыз Тлеуфке үш бөлмелі пәтер сыйға берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көпбалалы анаға “Харекет” қайырымдылық қоры отбасына көмектесіп, қайталамалы нарықтан үш бөлмелі пәтер алып берді. Отбасы жаңа пәтеріне қоныстанды.
Отбасыға қолдау көрсеткен белсенділердің бірі Ақмарал Басирова билік Жұлдыз Тлеуфке жалдамалы тұрғын үй беруді жоспарлағанын айтты. Алайда отбасы әкімшілік алыс-түйістер болған жағдайда, пәтерден айырылып қаламыз ба деп қорыққан көрінеді.
Еске салсақ, Қазақстандық бес бала аналарын қорғауды сұрап желіге видео жариялаған еді. Айтуларынша, мүлікке таласқан туыстары анасын жындыханаға жатқызып тастаған. Артынша бес баланың анасының денсаулығы жақсы деп танылып, ол ауруханадан шығарылған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді