Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 80 жастағы әйелді зорлап, өлтірген ер адам 9 жылдан кейін ұсталды

Астанада 9 жылдан кейін зейнеткерді өлтірген қылмыскер ұсталдыФото: ІІМ кадрларынан скрин

Астанада 80 жастағы әйелді өз үйінде қатыгездікпен өлтірген қылмыскер 9 жылдан кейін ұсталды. Ол зейнеткерге зорлық көрсетіп, ұрып-соғып, ізін жасырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға орнында криминалистер көзге әрең байқалатын биологиялық іздер тауып, солардан ДНҚ-код бөлініп алынған.

Тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді. Алайда ІІМ-нің заманауи молекулалық-генетикалық зертханасы мен ДНҚ деректер базасының көмегімен сәйкестік анықталып, 65 жастағы күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кінәсін мойындаған.



ІІМ Оперативтік-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев атап өткендей, қазіргі криминалистика әдістері арқылы ауыр және аса ауыр қылмыстарды арада көп жыл өтсе де ашуға мүмкіндік бар. Бұл оқиға "жазадан ешкім жалтарып қалмайтынын" дәлелдейді.

STAN.KZ
Жексенбі, 09 Қараша, 2025 14:49
Талқылау