Алматыда тұрғын үй кешенінде бір топ ер адам күзетші мен тұрғынды ұрып кеткен

Фото: Желі кадрларынан скрин
Алматыда "Каспий" тұрғын үй кешенінде жаппай төбелес болып, күзетші мен тұрғынды бір топ ер адам ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 5 қараша түнде болған. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 12 адам кешеннің күзетшісі мен бір тұрғынына шабуыл жасаған. Оқиға сәті бейнежазбаға түскен. Қақтығыстың себебі әзірге белгісіз.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алты адам анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін өрескел бұзады. Әр қатысушы заң аясында жауап береді", – деді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.
Полиция тергеу амалдарының жүріп жатқанын және тұрғындарды кез келген дауды бейбіт жолмен шешуге, зорлық-зомбылыққа бармауға шақырды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"